Сіз қайдан білесіз?

Адам балалық шағынан бастап, алған тәрбиесіне қарай, айналадағы адамдарға, өмірдегі құбылыстарға байланысты белгілі бір стереотиптер қалыптастырады. Сондай стереотиптерді, немесе стереотип қалыптастыру қабілетін өз бойымда мықтап дамытқан екенмін… Толығырақ оқу »

“Таныс болыңыз, Қазақстан”:)

Сәуір айының басында колледжде ұлттар фестивалі өтті. Онда осында оқитын шетелдік студенттер және шетелде оқып келген американдық студенттер мен мұғалімдер әрбір елдің кішігірім презентациясын жасады. Өздеріңіз болжап отырған шығарсыз, Қазақстанға да осы фестиваль төрінен орын тиді. Оған қоса, он алты қатысушының ішінен екінші жүлделі орынға ие болды:).

Толығырақ оқу »

Алғашқы әсерлер

Америкадағы оқу орным орналасқан қалаға келгендегі ең алғашқы әсерлер қазірдің өзінде көкейімде сайрап тұр. Өзім ұмытшақ болғандықтан, бұны таң қаларлық жағдай деп есептеймін:).

Бірге келген отандастармен қоштасып, әркім өз оқу орнына беттеген кез. Екі қаланың арасы бір сағаттық ұшу болғандықтан ба, кішкентай ғана қораптай ұшақ екен. Айналама бар назарымды салып, барынша бақылау жасап отырмын. Байқаймын, ұшаққа мінгендердің көбісі қарт адамдар. Киім кию үлгілері жиырмасыншы ғасырдың қай кезеңінікі екені белгісіз, дене өлшемдері өте әрқилы жолаушылар келіп отырып жатты. Менің жаным әлі бос болатын, бір кезде ерлі-зайыпты үш ұлымен келіп, жайғаса бастады.

Толығырақ оқу »

АҚШ-тағы полигамия

АҚШ-тың Юта штаты тұрғындарының жетпіс пайызы мормон дініндегілер. Осы мормон шіркеуінің бір тармағы Соңғы күннің әулиелері (Latter-day saints) шіркеуінің бір догмасы - полигамия екен. Он тоғызыншы ғасырдың орта шамасында негізі қаланған бұл шіркеу алпыс мыңға жуық тұрғындарды қамтиды. Сол кезден бастап, көп әйелділік қолданылып келген. Толығырақ оқу »

Бүгін

Бүгін күн жылынып, көп күттірген көктем де келіп жеткен сыңайлы. Дала шуақты, ауа райы керемет. Соған көңілім де көтеріліп, басыма керемет ойлар келіп, күнделікке жаза салайыншы деп кірсем, кілт сөзімді ұмытып қалыппын :( Жаңадан кілт сөз қойып, одан кіріп болам дегенше, манағы керемет ойлар бұл бұл ұшып кетті. Жарайды онда, шешінген судан тайынбас деп шешім қабылдадым. Осы күнделікті бастағаныма екі ай өтсе де, жарытып түк жазбадым. Себебі, бастауын бастап алғанмен, әшейінде ауыз жаппас, сөз бергенде жағын ашпастың кері келіп, жазуға келгенде ой таусылып, біртүрлі тартынып қалатынмын. Бүгінгі резолюция: Жазылар ойдың таңдай қақтырар шеберлігі мен ұшқырлығының бар-жоғына байланыссыз, күнделікті жүргізуді жалғастырамын. Қызық болсын деп. :) Қазір көп айтылатын “қазақ блогсферасында” әртүрлілік болсын деп. :) (Бәрі бірдей керемет боп жатса да қызық емес, ия)