Жазылған уақыты Маусым 14, 2008 жазған karakyz
Алдыңғы жазбадағы Маратхан пікірінде сұрағандықтан, колледждегі бағалау жүйесін сипаттап кетуге бұйырып отыр.
Әрбір пән басында, ең алғашқы сабақтарда профессор студенттердің қолына силлабус таратады. Оның ішінде сабақтың мақсаты, жоспары, бағалау жүйесі, тағы басқа қажетті ақпараттар беріледі. Барлық пән үшін бірдей - максималды бал саны 100 пайыз, яғни “А”. Ал ол пайыз курс бойына берілетін тапсырмаларға үлестіріліп бөлінеді, [...]
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | 12 Пікірлер »
Жазылған уақыты Мамыр 5, 2008 жазған karakyz
Осы жазуда колледжімнің оқу жүйесі жайлы жазбақпын. Алғаш келген кезде өзгешеліктер көзге оттай басылып, бұлар туралы неге бұрын білмегенмін деген кездер болды. Оқырмандар арасында АҚШ еліне білім қуып келмек ойы бар адамдар болса, бір кәдесіне жарар деген үмітпен.
Жалпы мағлұмат: көпшілігіңіз таныс шығарсыздар, студенттер әр оқитын сабағын өздері таңдайды. Яғни, біздегі оқу орындарының [...]
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: АҚШ оқу жүйесі, мамандық, оқу орны | 21 Пікірлер »
Жазылған уақыты Мамыр 3, 2008 жазған karakyz
Оқу орныма келгендегі ең алғашқы күні жатақханадағы қыз бен оның достарымен бірге түскі ас ішуге бардық. Танысып біліскен соң, тамақ үстінде әңгімелер айтылып жатыр. Айтылған сыңар сөзді түсінсемші! “Он жыл бойы үйренген сөздер қайда? Мен ағылшынша білем бе өзі?! Мыналар не дейді, көкем-ау?”
Бұған дейін мені қарсылап алған мұғаліммен сөйлескенде жақсы түсінгем, сөйтсем ол кісі [...]
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: ауызекі тіл, ағылшын тілі, тілдік ерекшеліктер | 8 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 22, 2008 жазған karakyz
Сәуір айының басында колледжде ұлттар фестивалі өтті. Онда осында оқитын шетелдік студенттер және шетелде оқып келген американдық студенттер мен мұғалімдер әрбір елдің кішігірім презентациясын жасады. Өздеріңіз болжап отырған шығарсыз, Қазақстанға да осы фестиваль төрінен орын тиді. Оған қоса, он алты қатысушының ішінен екінші жүлделі орынға ие болды:).
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: АҚШ, Борат, мәдениет, Қазақстан | 21 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 22, 2008 жазған karakyz
Америкадағы оқу орным орналасқан қалаға келгендегі ең алғашқы әсерлер қазірдің өзінде көкейімде сайрап тұр. Өзім ұмытшақ болғандықтан, бұны таң қаларлық жағдай деп есептеймін:).
Бірге келген отандастармен қоштасып, әркім өз оқу орнына беттеген кез. Екі қаланың арасы бір сағаттық ұшу болғандықтан ба, кішкентай ғана қораптай ұшақ екен. Айналама бар назарымды салып, барынша бақылау жасап отырмын. Байқаймын, ұшаққа [...]
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: АҚШ, мәдени ерекшелік, мәдени шок | 15 Пікірлер »