Өзгерістер

“Өмір бір орында тұрмайды”:). Екі ай бұрын үйге қайтуды армандап, туған ауылдың ауасын сағынып жүретін едім, енді АҚШ-тағы өмір көрген түстей көрінеді қазір:)). Ол кезде өмір бойы бірге жүрген жолдастар, туыстар алыста, іштегі ойларымды бөлісерге мүмкіндік аз (е-мейл мен телефон ауызша әңгімеге жетпейді ғой;)). Сондай кездерде солай.де-ні ашып жіберіп, рақаттанып оқып, әңгімеге араласып, елдегі жаңалықтарды [...]

Сіз қайдан білесіз?

Адам балалық шағынан бастап, алған тәрбиесіне қарай, айналадағы адамдарға, өмірдегі құбылыстарға байланысты белгілі бір стереотиптер қалыптастырады. Сондай стереотиптерді, немесе стереотип қалыптастыру қабілетін өз бойымда мықтап дамытқан екенмін…

Бүгін

Бүгін күн жылынып, көп күттірген көктем де келіп жеткен сыңайлы. Дала шуақты, ауа райы керемет. Соған көңілім де көтеріліп, басыма керемет ойлар келіп, күнделікке жаза салайыншы деп кірсем, кілт сөзімді ұмытып қалыппын Жаңадан кілт сөз қойып, одан кіріп болам дегенше, манағы керемет ойлар бұл бұл ұшып кетті. Жарайды онда, шешінген судан тайынбас деп шешім [...]

Тәй тәй…

Ммм… Бұл менің алғашқы блогымның алғашқы жазуы. Алдағы уақытта басыма келген неше түрлі, әр қилы мазмұндағы ойларымды осында жазып отыратын болам, бұйырса. Мақсат – көрген-түйгеніммен бөлісу. Ол енді өмірімде нендей адамдармен кезігіп, қандай оқиға ортасында болғанымнан түйгендер болғандықтан, күнделік сияқты да болуы мүмкін. Бүгінге осы.