Осы жазуда колледжімнің оқу жүйесі жайлы жазбақпын. Алғаш келген кезде өзгешеліктер көзге оттай басылып, бұлар туралы неге бұрын білмегенмін деген кездер болды. Оқырмандар арасында АҚШ еліне білім қуып келмек ойы бар адамдар болса, бір кәдесіне жарар деген үмітпен.:)
- Жалпы мағлұмат: көпшілігіңіз таныс шығарсыздар, студенттер әр оқитын сабағын өздері таңдайды. Яғни, біздегі оқу орындарының көпшілігіндей бекітілген бағдарлама бойынша емес, қалаған сабақты оқуға мүмкіндік бар. Алайда, бәрі жүз пайыз еркіндік емес. Келген студент бірінші курсында (freshman) өз мамандығын, яғни major бағытын білмей келуі мүмкін. Екінші жылға қарай (sophomore) колледждегі берілу сабақтардың сапасына қарай және өз ыңғайына қарай бағытын анықтайды. Double major алуға болады, яғни екі бағытта (кейде тіпті үш), minor таңдауға да мүмкіндік бар, яғни major-ға қарағанда екінші деңгейлі бағыт. Осы бағыттарды аяқтап шығу үшін, осы бағытта оқытылыған сабақтардың белгілі бір кредит санын жинау керек, көбіне бір сабақ үш кредит тұрады, тілдік сабақтар төрт кредитке ие. Университеттің үлкендігіне қарай таңдау да үлкен болуы мүмкін, менікіндей кішкентай колледжде бағыты бірдей адамдар көбіне ұқсас сабақтар алып жатады. Оған қоса, “Жалпы білім” міндеттемесі бар, оған сәйкес өз бағытыңнан бөлек, жалпы білім беретін, ғылымның әр саласына қатысты сабақтар санын, яғни кредиттер жинау керек. Сабақтардың деңгейлері де болады, біреуі кіріспе, яғни сала бойынша негізгі түсінікті қалыптастырса, келесісі жоғары деңгейлі, яғни ол сабақты алу үшін алдын-ала негізгі білім сабағын алған болуыңыз керек. Үшінші (junior) және төртінші (senior) курстарда тікелей өз бағытында оқиды көбісі.
- Әркім әр түрлі сабақ алып жүретіндіктен, біздегідей топ болмайды. Бір сабақ ішінде бір-бірін мүлде танымайтын, әртүрлі жастағы адамдар отыруы мүмкін. ӘРКІМ ӨЗІ ҮШІН. Емтихан кезінде бір біріне көрсету, үй тапсырмасын көшіру сияқты құбылыстар өте сирек кездеседі.
- Оқу ақылы. Тек оқу үшін бір жылға $20,000 төлейді. Қаржылық көмек, студенттік несие арқылы төлеп оқиды көбісі. Үздік көрсеткішке жеткендер жыл соңында ақшалай марапат алады (қомақты көлемде). Мектеп бітірген соң жеңіп алуға болатын стипендиялар саны да өте көп. Ақысы өз қалтасынан шығып жатқан соң, сабақтан қалмай қатысады.
- Емтихан үстінде көшірумен қолға түссеңіз, шара қатаң қолданылады. Өзім оқу барысында ешкімнің көшіргенін көрген жоқпын. Жазаның ең жоғарысы – оқудан шығарады.
- Реферат, баяндама жазар болсаңыз, кітаптан немесе интернеттен копи паст жасамайсыз. Бәрі өз жаныңнан шығады, шығарма сияқты. Бір жақсысы, көлемі азғантай болады. Орташасы бес-жеті бет (double space:)). Ең жоғарысы жиырма-отыз бет болуы мүмкін, ол оқу бітірер кездегі үлкен жобаларға байланысты.
- Оқуға күнделікті көп көлемде материал беріледі (менің айтып отырғаным гуманитарлық бағыт, өз оқуым сондай болған соң). Бірақ оны әр сабақта сұрамайды, күнделікті сабақтар тек лекциялар мен пікірталастан тұрады. Бағалауы емтихандар, рефераттар, жобалар арқылы жүзеге асады. Яғни, оқуға берілген тапсырманы емтихан алдында оқып алуға да болады, бірақ жиналған материалды бір мезгілде тауысу мүмкін емес. Әр мұғалім алғашқы сабағында силлабус таратады, онда курстың мақсаттары, талаптары, мазмұны, берілетін тапсырмалар (орындау күнімен бірге), емтихан мерзімі, әр емтиханның жалпы курс бойынша бағасында алатын пайызы көрсетіледі.
- Сабақ үстіндегі атмосфера еркін болып келеді, алайда ол мәселе профессорына байланысты. Мұғалім – студент арақатынасы тең дәрежеде, сабақ басталған кезде біздегідей орнынан тұрып сәлем бермек түгілі, тіл қатпайды немесе көз қиығын да салмайды. Уақыты келген кезде сабақты бастап кетеді.
- Семестр соңында мұғалімге, сабаққа әр студент бағалау толтырады, яғни сол бағалауға сабақ бойынша өз көзқарасын, кемшіліктерін жазады. Ол бағалауды профессор келесі семестр ортасында, яғни қорытынды бағалар шыққаннан кейін қарай алады.
Жалпы “қысқаша” осы
.
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Tagged: АҚШ оқу жүйесі, мамандық, оқу орны
Қарақыздың жазғандары біз жақтағы кейбір ЖОО келеді екен. Алғаш бұл системаны көрген кезде таңқалғам. Лафа өмір осы ғой деп.
Бірақ бір жерлері қолайсыз, әбден жаттанды үрдіс қалыптасып қалғандықтан шығар.
Батыста нені қолайлы екенін белгіліп алған сияқтанып тұр. Адам өзіне керектіні таңдап алуы керек. Ато сабаққа бармай-бармай таныстың арқасында жауып кеткен… бұндай сұмдықтың алдын-алу керек-ақ…
7-ші пункт жақсы екен. Жыным келген мұғалімге орнымнан тұрып өтірік ыржимай. отыра бересің. Неге амандастың онда деуің мүмкін, жасы келген кісі ғой қырсығып алса артыңнан қалмайды…(бір қойыңды алмайынша
)
Қазақстандық ЖООларға кредиттік жүйе енгізіліп жатыр, бірақ толық бітпеген сияқты. Әлі көп өзгерістер керек.
Колледждерiннiн жалпы бейнесi бiздiн универге уксас екен. Aiko бiзде жас мугалiмдермен сен деп сойлеседi.
Реферат баяндамаларын жаксы екен. Бiзде 15 парак жазу лазым. Копи-паст деген атауымен жок. Бiрак барлыгын оз ойындагыны жазбайсын, мiндеттi турде гылыми кiтаптардан алынган далелдермен жазу керек, арине кай кiтап, кай бетiне дейiн корсетiлуi мiндет.
Бір неміс қыз айтқан, сіздерде multiple choice test деген мүлдем жоқ деп. Кілең жазбаша жауап жазатын емтихан болады дейд Алманияда:). Ал бізде емтихан ішінде көп жауапты тест те кездеседі, біреуін белгілей салатын.
дос қызың кім еді, менің неміс қызым емес пе, ол да exchange student, аты Kathrin:)
Жоқ, Зере, алмасу бағдарламасы
Каракыз бірнеше сурак туындады бір уакытын болган куни гмайлмен сойлесейікші плз
Konilashar: invitation zhiberdim
salem!!! maganda invitation jibere alasizba Kazarkyz? suraktar kobeydy
)
Біріншіден: Қарақыз, сіз мүлдем қара емессіз ғой, неге олай атанғансыз?
Екіншіден: ааа???
))
Не ғой, түрлі фильмдерден жалпы суреттерді елестете алатын болғандықтан, сенің мынау жазбаңнан кейін қызығушылық пайда болмай қоймайды екен. Ешкім ешкімге көшіртпесе жалқаулар аз шығар, қомақты қаржы төлегесін әркім таза оқуға мүдделі болса керек қой.
Негізі, менің де біраз сұрағым бар екен, бәлкім менен бұрынғылардыкімен бірдей де шығар. Мүмкін болып жатса, сұрақтарымды джимейліммен қойсам деп отырмын ғой сол… Қандай болатынын…
invitation-ыңыздан мағанда бір кесе
)
Қарақыз, мынау мәліметтерің мені көп ойландырып тастады. Ашығын айтыңызшы сіз ол жақта ақы төлеп оқып жатырсыз ба?
Журналистика мамандығы бойынша оқуға қалай дайындалса болады екен?
Нұрғиса: ҚАрақыз, себебі жоқ. басында солай атағам, сосын кетті. негізі бір теория бар, адам инетте, форумдарда өз бойында жоқ, бірақ ие болғысы келетін қасиеттерді бейсана түрде телиді деген. Рас болуы мүмкін.:)
Джимейлге кілтсөзін ұмытып кіре алмай отырмын, кейін уақыт болған кезде, міндетті түрде қосуға уәде берем. Сәкен, сізге де сол жауап:)
Әділбек: алмасу бағдарламасы бойынша, бір жылдық оқу. ақысын мен төлемедім. Журналистика бойынша, Болашақты айтпағанда, өзге де гранттар көп. Өз бетімен түскен жағдайда да, сол жерде қаржылай көмекке тапсыруға болады, егер жақсы үлгерім болса, әрине. Қысқасы, мүмкіндіктер бар.
Күтеміз!
Иа, шетелдеги оку улгиси озгеше болып келеди екен.
Мында (Ресейде) оку улгиси кредиттик болып келгенимен система бурынгыдай. Ягни экзамен кабылдау т.с.с. Тартип каталдау. Жалпы оку киындау. Басында мында да арбир мугалим силлабус береди. Соган карап ар сабактын жагдаиын билесин. Кашан калай бал жинау керек екенин. 3 контр. неделя. семетирлик балын сол 3 бакылауга баиланысты. Косымша бал, бакылауды кайта жасау мугалимге байланысты. Курсавой, реферат дегендерди инеттне скачат етемиз. пайдасы аз. себ. для выполнение 1 бал, защитага кобирек береди. Мында жалпы бари мугалиммен ара катынасына баиланысты. Егер басында озинди жаксы жагынан корсетсен артынан озине пайдасы тиеди. билмейтин сабактарды студенттер кобинесе мугалимге репититорствага жазылады. бир-еки рет барып каитады. (типа разводит) экзаменде шпор колдануга болады. паидасы аз, кеибир сабактарда билетти жазып болган сон мугалимге тапсырасын, ол жауабына карайды да, баска 4-5 билеттен сурак кояды(конкретно попадаеш), жауап бере алмасан перездача(max3). Сондыктан кеибирде суткалап окисын. Жалпы барлык тапсырманы уакытында тапсырсан норма болады.
Қарақыз, қолын тимей жүр ме, жаңартапсың ғой, қызық бір нәрсе жазшы, а-а-а?!
Adilbek: zharaidy, barymdy salyp tyrysamyn, zhaqyn bolashaqta;)
Сәлем!!! СолайДе ауылынан танитын Қарақыз боларсыз деп ойлап отырмын.
Оқыту жүйесі түсінікті болды. Енді білімді қадағалау қалай жүреді? Оқытушылар білімді қадағалауға араласады ма? Әлде арнайы бөлімдер құзырында ма? Мысалы, арнайы тестілеу жүйелері бар ма?