Ораза ұстайсыз ба?

Бұл жазуға Қуаныштың блогынан оқыған мына мақала мұрындық болды.

“Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін.” (Қудси хадис)

Бұрын мектепте оқыған кезімде ораза ұстау деген мен үшін мүмкін еместей көрінетін, ол бір қатты дінге берілген адамдардың ісі деп ойлайтынмын. Мүмкін балалық шығар, мүмкін оразаға, жалпы рухани тазалыққа қажеттілікті сезінбегесін шығар, себебі ата-ананың қарауында, бағып-қаққан қанатының астында болған кезде еш нәрсеге қобалжу жоқ, алаңсыз өмір кешесің :) .

Оразаны ең алғаш бірінші курста ұстадым. Ешкімнің шақырып немесе итермелеуінсіз.

Сабағыма және сол кезде өткеріп жүрген тәжірибе жинақтауыма ыңғайсыз болғанмен, таңертең ертемен тұрып, ауыз бекітіп, кешкісін уақыты әлдеқашан өтіп кеткен кезде тәжірибе жинақтау офисінің қарсысындағы дүкеннен су мен азық-түлік алып, алаңдағы орындықтардың бірінде отырып аузымды ашып жүрдім. Діннен көп білімдар емеспін, сондықтан кей кездері дұрыс жасап отырмын ба деген күдіктер де туатын, мысалы, далада отырып ауыз ашу, немесе уақыты өтіп кеткенде ауыз ашу деген сияқты. Бірақ үйге (жатақханаға) жетіп болғанша шыдамым жетпейтін. Офистегі тәжірибе жетекшіме «ауыз ашатын уақыт болды» деп айтуға қысылатынмын, үлкен өмірге жаңа аяқ басқан, тіпті қала өміріне жаңа үйреніп келе жатқан кезім болатын.

Сол кездегі алғаш байқағаным, ораза кезіндегі түн сондай тыныш, бейбіт сезім орнататын. Күз уақыты болған соң, қараңғы ерте түседі, алтылар шамасында, офистен шығып алып жалғыз өзім «ауыз ашар» жасап отырғанда күні бойғы шаршауым басылып, бір ризалық сезімге бой алдырып отыратынмын :) .

Сөйтіп жүргенде (бір жағынан бірінші курс болған соң үйді де сағыну бар), Республика күні келіп жетті. Оқудан азғантай демалыс та беріп қойғанын пайдаланып, студенттердің көпшілігі үйлеріне жинала бастады. Менің тәжірибеден өтуім бар, оған қоса сабақтан аралық емтихандар бар, ал үйге пойызбен барып келуге үш күн кетеді, сөйтіп үйге барудан үмітімді үзіп қойғам. Сөйтіп жүргенде ойламаған жерден, ұшақпен үйге тегін барып келуге мүмкіндік шықты! Егжей-тегжейін тәптіштемей-ақ қойғаным дұрыс болар, айтып-айтпай не керек, сол сапарымды мен ораза ұстағаным үшін Алла тағаланың берген сыйы деп қабылдадым. Жоғарыдағы үзіндіні оқыған кезде сол кезім есіме түсіп кетіп, сіздермен бөлісуді шештім.

Кейінгі жылы жұмыс жасағанымды себеп етіп, ораза ұстамадым. Ал өткен жылғы ораза АҚШ-та болуыммен қатар келді, өзге режим және бөтен ел болған соң, ағзама әсер берер деп тағы ұстамадым. Солай.де сайтынан Ашура күні туралы оқып, қосымша жаһанторды кезіп, мағлұмат алып, қаңтар айының он тоғызы күні бір күнге ауыз бекіттім.

Мұсылманмын деп айтып жүргенмен, дін туралы білімім аз. Исламды уағыздап жүргендер де аз емес елімізде. Бірақ әр адам шын жүрегімен беріле отырып, көкейіне тоқи түсінсе, нағыз қажеті сол деп ойлаймын. Алғаш рет ораза ұстауым менің сенімімді бекітті.

Ал сіз ше? Ораза ұстайсыз ба?

19 жауаптар

  1. Сілтеме жасауды үйрене алмадым ақыры. Көмек керек!!!

  2. Silteme jasau ushin tekstini tangdap alip, sosin linknin suretine basa salasyn. Kishkene bir tereze shygady, Sol jerge linkni jazip beresin.

    Nietin kabyl bolsyn! Allah kuldarynyn kolynan kelmeitin isti juktemeidi goi.

  3. Бақытнұр: рахмет! мен көз алдымдағыны көрмей қалам осылай.

    “Allah kuldarynyn kolynan kelmeitin isti juktemeidi goi.” дегенді түсінбей қалдым:(

  4. Yagni aitady goi. Oraza ustamaimyz, shamamyz kelmeidi. Namaz okymaimyz sebebi uakyt jok..

    degen siakty sozder.

    Birak shyn maninda Alla adamnyn kolynan kelmeitin isti kuldarynyn moinyna juktemeidi.

    Yagni niyet bolsa Oraza da ustauga, namaz da okuga bolady.

    Niyetin kabyl bolsyn!

  5. Arine Alla uakit berdi bizge bul omirde!
    Birak keibir jagdaida oraza ustau talap emes,
    misali ozining wamasi jetpese,
    densauligin ornina endi keltirgen bolsa,
    soni ar pende bile jurse abzal.
    Ol ustau wart dep, densauligina aserin tigizip alsa6
    kein saldarin orazadan koretin satter bolgan.
    Islam da zorlik jok.

  6. Аллаһ разылығы үшін ұстаймын, ИншАллаһ!

  7. Тамақ режимінің бұзылу туралы медицина ғылымы не айтады екен, қазір қарап келейін…
    Екі жыл ораза ұстадым, ешкімнің үгітінсіз. Одан кейін ұстаған жоқпын, ешкімнің үгітінсіз.

  8. Русланннн: маладес!:))

  9. Қарақыз, қалай ойлайсың, күніне үш-төрт мезгіл тамақтанып жүрген қарнымыз қараңғыда тамақ ішетін режимге көшкен кезде, өзінің иесін сыпыртып боқтайтын шығар, а? Сосын, бір айдан кейін, қайта бұрынғы режимге қайта оралу керек, онысы тағы бар…

  10. Русланннн: арасында солай қарынның есіне салып қойған дұрыс шығар, қараңғыда тамақ ішкенде халі қалай боларын. Сосын бір айдан кейін бұрынғы режиміне көшкенде соны бағалап, иесін мақтап жүретін болад. деп ойлап отырмын.

  11. Русланннн іш сыздатар әңгіме айтады екенсің :)

  12. Қарақыз жазып кеткен рухани тазаруды айтпағанда, бейшара ас-қазан ішектер жылына ең құрығанда бір ай демалып тұрғаны жақсы ғой.
    ораза ұстап жүрген уақытта қайта жөндеу жұмыстары жүреді ғой тынам таппайтын асқазанда..
    Konil Ashar

  13. Көңілашар, Айко екеуің ұқсайды екенсіңдер, егіз емессіңдер ма?

  14. рамазан айы 11 айдын Сұлтаны емес пе. Аллах- Тағала сол айда сауапты Өзінің Қалағанынша жазады. Жәннаттың есіктері ашық ай. сөзбен түсіндіру қиын бұл ғажап нәрсені. Сол айда Қадір түні бар “Ләйләтүл Қадр”, 80жылға тең бұл ай. сол түнді пайдаланған адам баласына жазылатын сауап 80 жыл үзбей, шын ықыласымен ғибадат жасаған адамның сауабындай.

  15. кара кыз жаксы сурак коиыпсын))
    устаим, жане оны ар адам баласы устау керек!!))
    себеби ол Алла тагаланын буирыктарнын бирине жатады жане ол ар адамга берилеген шанс, озинин жаман истернен аиырылуга(грех))))
    жалпы ораза устаитын адам оны неге калай устау керек екенин билу керек. иа ораза тек танертеннен кешке деин аш журу гана емес, жалгыз сенин карнын ораза устамаиды, сонымен катар барлык мушелерин устау керек. ягни онын колы, кози, кулагы тили т.б. тили ягни отирик аитпау керек… ораза аиында Алла тагала барлык шаитанды Иблисти турмеге камаиды, ягни ораза устаган ар адамнын жаны тыныштыкта болады. сол аида аиткан тилектеринди Алла тагала барынша кабыл алады. иа ен жаксы тун. оны бизде казакта Кыдыр ата келед деп кутеди. негизинде ол туни Алла тагала куранды жерге жиберди. ол тун ен керемет тун. сондыктан барлык мусылман ол туни боиы Аллага сиынады. егер сенин журегин таза болса, шын сезиммен сыиынсан Алла тагала сенин барлык жаман истеринди кеширеди. бирак ол тун али кунге дени белгисиз. Алла тагала Мухаммадка с.а.с сол туннин кунин аиткан, бирак Мухаммад с.а.с. озинин халкына аитар кезде еки мусылман келиспей турган екен, соларга конил аударам дегенде умытып калган. сонда Мухаммад с.а.с. Алла тагала каитадан алып кетти, бирак ол тунди аидын сонгы он куннин ишинен издендер деген. артынан так кундерден деген екен. казирги мусылман галымдар 25, 27, 29 биреуи деиди. сондыктан сонгы он тун боиы Алладан кеширим сурау керек. себеби бул алакандай омир отеди де кетеди ал алдагы жана омир ол мангилик. биз соган даиындалуымыз керек!!!
    какра кыз менин сизге кояр сурагым намаз окисыз ба??

  16. Арман: пікіріңізге рахмет, ақпаратыңызға.
    Намаз оқымаймын.

  17. неге?? (ренжимессин, жай сенин ойынды билеин дегем дин туралы) кандай себеп салдар сизге кедерги болып отыр??
    негизи ар адамнын журегиннин тубинде Аллага деген сеним бар)) бирак ар адам дин туралы такырыптан калай болсада кашады..
    неге?? себеби ол такырып адамнын журегине тиеди, коркынышты т.б.)) ал намаз оким десен сен туралы мнениясы 180 градуска озгереди..
    Алла тагала куранда адам мен ангелдарды тек оган табыну ушин жараткан екендигин аитады, бирак сонымен катар адамга тандау берген. Алланын бар екендигине каншама далелдеме жатыр. бирак адам оны кормеиди. Алланы адам тек коркныш кезде, баска амал калмаган кезде еске алады, сол кезде неге ойламайды??
    каракыз тагы да кеширим сураим осындай сурактар коиып. сенини аландатканыма.

  18. Arman: pikirlerinizge rahmet, arqashan da osylai oilarynyzdy aityp tursanyz ol keremet emes pe?:) sondyqtan qysylmai pikirtalas tudyryp turganynyzga quanyshtymyn!

    Bul taqyrypqa koooop soz talastyra beruge bolatyny barimizge belgili. Biraq oiziniz aityp ketkendei, adamga TANDAU berilgen. oz tandauyn bar aqylymen, zhanymen sheshimge kelu arqyly zhasau ushin. Menin aqyl esim ali daiyndyq ustinde. Kozinizge elestetiniz: eger biz zhappai barlyq adam namaz oqityn, gasyrlar boiy uzbei namaz oqyp kelgen qogamda tursaq, oilanbastan, biz de oqyr edik. Adam ozi turatyn qogamnyn zhemisi, men de es bilgeli korgenim men tuigenimnin zhemisimin. Endi gana oz betimmen sheshim qabyldaudy uirenip zhatyrmyn.

    намаз оким десен сен туралы мнениясы 180 градуска озгереди..
    degenge: ar adamny oz tandauy, menin kozqarasym ozgermeidi :) , tanystarym da bar oqityn. Sosyn, qazir teris agymdar da zhoq emes, sondyqtan ata-analarymyz qorquy mumkin.

  19. рахмет, менде куаныштымын))
    сизге караганда оскен ортаныз керемет екени коринип тур, шындык жолын издеуде екенсиз Алла жар болсын, егер Алла пендесин ак жолга салгысы келсе оган еш нарсе кедерги болмайды. иа казир терис агымдар да бар, сиздей сауаты бар адам дурыс жолды тандай билед деген ойдамын.
    Алланын ен жаксы коретини: 1)уакытында окыган намаз 2)ата-анага деген камкорлык екен. сондыктан сиздин ата-анага деген уайымыныз Алланын берегн керемет сезими болар. сизге берер кенесим, 14 гасыр бойы адамнын колы тимеген ен керемет Куран китабын оку(арине уакыт болганда, ен болмаса жай кызык ушинде). арине бирден тусуну киын. казирги кезде куранды адамга тусуникти етип аударган галымдардын китабы да бар, соларды окысаныз да болады. онын ишинде каншама далел, каншама керемет создер де бар))

Жауап қалдырыңыз