Тілдік қиындықтар
Оқу орныма келгендегі ең алғашқы күні жатақханадағы қыз бен оның достарымен бірге түскі ас ішуге бардық. Танысып біліскен соң, тамақ үстінде әңгімелер айтылып жатыр. Айтылған сыңар сөзді түсінсемші!
“Он жыл бойы үйренген сөздер қайда? Мен ағылшынша білем бе өзі?! Мыналар не дейді, көкем-ау?”
Бұған дейін мені қарсылап алған мұғаліммен сөйлескенде жақсы түсінгем, сөйтсем ол кісі бұрын да шетелдік студенттермен жұмыс жасаған соң, анық сөйлейді екен. Ал қарапайым жастардың өзара ауызекі әңгімесі ресми тілден айырмашылығы біршама сезіледі. Оған қоса, бізде американ ағылшыны емес, Британдық ағылшын оқытылады, көбіне, онымен екеуінің де арасы алшақтау, әсіресе дыбысталуында. (Американдық дыбысталуға үйреніп кеткенім сонша, қазір Ұлыбританияда түсірілген фильм көрсем, жартысын түсінбес едім.)
Ауызекі американ ағылшыны: “How do you do?” орнына “What’s up?”; “Yes” - “Yea” (осы жері қазақшаға ұқсап кетеді:)); ашулану - “freak out”; таңданыс, немесе басқа кез келген эмоция - “Oh, man!”, “Oh, boy”…
Ауызекі тілдегі тенденциялардың бірі - аз сөзділік. Кей жастардың сөздік құрамы өте, өте кедей болып келеді. Себебі ол көп сөзді қолдануға қажеттілік те жоқ. “Паразит” сөздер де аз емес. Міне сізге қарапайым екі жастың диалогынан үзінді: “And then, he was, like: “stop it!” I was, like, “what?” And she was, like, “no”. I was like, “are you kidding me?” And then… and then, she was, like, kind of freaked out by what he said”… Оқып отырғанда түсініксіз болғанмен, сөйлеушінің бет әлпеті де мағына беруге септігін тигізе отырып мимикасы өзгереді. Осылай қатынасамыз:).
Тіл игерудегі тағы бір қиындық - бір етістік, мысалы take, жалғыз тұрса бір мағына береді (алу), ал егер оған шылау қоссаң, әр шылаумен әр түрлі мағына береді: take in (түсіну), take out (өзіңмен бірге алу), take off (ұшу, көтерілу) , take down (жазып алу), take on (қобалжу), take over (орнын басу), take up (жақсару). Ескерте кететін жайт, әрбіреуі жазылғанға қоса бірнеше мағынаны тағы береді (!). Бұл тенденцияны, мұғалімімнің түсіндіруі бойынша, “Сөз үнемдеу” деп атайды екен…
Жалпы, бір елдің тілін түсіну үшін, жай сөздердің аудармасын біліп немесе грамматикасын меңгеріп қана қоюмен шектелу жеткіліксіз, меніңше. Адамдарымен жақсы түсінісу үшін сол елдің мәдениетімен, әдеттерімен, ортақ қоғамдық пікірімен де таныс болу керек.
Американ ағылшынының осыдан жиырма бес жыл бұрынғы тілі мен қазіргісін салыстырған кезде де үлкен айырмашылық байқауға болады. Содан болар, жастар мен ересектердің тілдері өзгешелеу. Жазба тіл тұрақты болғанмен, ауызекі тілде уақыт өткен сайын жаңа тіркестер пайда болып, ескілері қолданыстан шығуда. Ұзын сөздің қысқасы, егер алда-жалда бұл жақтарға келе қалсаңыз, тілдік барьерге дайын болыңыз. Қанша жерден дайынмын деп келсеңіз де бір сюрприз шығуы әбден ықтимал… ![]()
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: ауызекі тіл, ағылшын тілі, тілдік ерекшеліктер
Американдықтың мұрнының астымен бірдеңе деп міңгерлегенде бар болғаны: “Иә солай!” деп қана басымды изеп тұратын кездерім болған. Кейін: “Асықпай қайталап жіберші. Түсініңкіремей қалдым” дейтін болдым. Содан бір күні ағылшын тілінде түс көргенде барып, тілдік қамалдың бұзылғанына көзім жеткен
Shynymen de! Birak US English men siakty short kaiyratyn adamdarga jaksy. Mingirlei salasyn
Bir SMS bar edi:
Agylshynsha Angliada tuyp, Amerikada jetilgen.
Undistanda kartaiyp, Afrikaga baryp olgen dep.
Bul kai eldin kandai agylshynshamen soilesetinin korsetedi
Асхат: Ағылшынша түс деген бір қызық тәжірибе:). Оқу жылының ортасына қарай ағылшынша түстер, ішкі диалог та ағылшынша боп кетіп жатты. Кейін қазақша форумдарға кіріп, қайта қалпыма келдім. Түстер қатаң түрде қазақша қазір!
Бақытнұр: Ия, ыңғайлы екені рас. Sure! дейсің де отыра бересің.
бірақ мың құбылған қазақшадан кейін жұпынылау көрінеді екен де
СМС дұрыс айтқан екен.
Қызық екен. Пост қызық жазылыпты. Біле жүретін боламыз. Бізде ағылшын үйреткен кезде. Американдық вариантты қолдандық деп айтады. яғни қысқа-нұсқа. Бірақ британдықты да шектетпейді, айырмашылығын білсін дейді-ау шамасы.
Бiраз уакыттан кейiн сол елдiн тiлiнде ойлауга да бейiмделесн. Мен кейде казакша жазып отырып, сойлемiмнiн немiсше куралганын байкаймын… узыннан узак
Содан кейiн, туу мынаны бiр екi созбен ак жеткiзсе де болады екен гой деп, жазганымды кайта тузеп журемiн 
kelsemin! kunnen kunge jana slangter paida boluda…ony kashan jattap uirenedy ekenmin? :))
Дұрыс айтасың Қарақыз , кандай бір елдің тілін үирену сол елдің мәдениетін, маңызды оқиғаларын үиренуге негізделеді. Сымбаттың айтканындай , сол шет елдің тілінде ойлануға бейімделе түсесің, әйтпегенде өзіңді тұйықтағандай боласың. Мысалы ,біздің универде оқу тұтастай ағылшынша болғандықтан мұндағы түріктер де ағылшынша (proficiency , toefl ) емтиханын тапсыруы керек. Бұл емтихандарда мұғалімдердің ескертулері : түрікше ойламаңдар , тура ағылшынша ойланыңдар ! . Екіншіден , ағылшынша - ағылшынша сөздік қолданылуы керек деп жатады .
Міне мұның бәрі жаңағы айтқанымдай , айналып келгенде тіл үирену - салт , дәстүр үирену дегенмен ұштасады .
Супер! Міне, маған осындай посттар ұнайды!!!
Брависсимо!
Қарақыз, қарақыз дегенге, “еее, ауылдың бір қарадомалағы дағы” деп жүрсем…
Сюрприз бүгулі екен бұның ар жағында. Бәрекелді!
Тинейджерлердің тілі сөзжасамдық диверсификацияға мұрындық болса да, ол тілді сайқалдандырып жіберетін қауіпті тұсы тағы бар. Бірақ тіл тірі ағза ғой, өмір сүруі барысында түрлі эволюциялық дәуірді бастан өткеретін. Совет дәуірінде Старковтың иңглишін оқушы едік,қазір қарасам ол құр бос әңгіме екен. Кейін ғой, Headway, One World’тар шықты… Ай, бірақ “immersion” болмай, сол тілдік ортаға толықтай бір “кіріп” шықпай тілдің рухын сезіну қиындау сияқты. Өз басым солай түйсінемін. Мәселен, мен аудармашы болып нәпақамды тауып жүрсем де, өзімнің ағылшыншамның жұтаңдығынан ұялатындаймын. Бірақ ол үшін ұялудың керегі жоқ та шығар
Ақыл қосыңыздар 