Адам балалық шағынан бастап, алған тәрбиесіне қарай, айналадағы адамдарға, өмірдегі құбылыстарға байланысты белгілі бір стереотиптер қалыптастырады. Сондай стереотиптерді, немесе стереотип қалыптастыру қабілетін өз бойымда мықтап дамытқан екенмін…
“Алғашқы әсерлер” постымда жазғандай, бір үйде тұратын қызды қатты дауыс шығарып күлгені үшін ұнатпай жүрдім. Кішкентай кезімде “Джен Эйр” (Шарлотта Бронте романы бойынша) фильмінде үй иесінің ақылы ауысқан әйелі бір бөлмеде қамалып жасырын тұрады, соның арасында қарқылдап күлгенінен қорқушы едім. Әр көрген сайын соны есіме салады әлгі қыз. Сөйте сөйте оған ойымнан қосып жағымсыз қасиеттер тели бастадым. Кездесіп қалғанда әңгімеден қашқақтап жүрдім. Бір күні колледж ішінде Қазақстан туралы жеке презентациямды (бұл ең алғашқысы болатын, оқудың бас кезінде) бермекші болып, екі білегімді сыбанып, бауырсақ пісірмекші болдым. Ең алғаш рет АҚШта тағам пісіруім. Құрамы да біздегідей ашыта салатын емес, обшым
, ашытқысы бір түрлілеу бопты, несін бұлғалақтайын:). Соған қарамастан, табаға майды құйып жіберіп қуырып жатырмын. Уф деп бітіруге жақын қалғанда шамадан тыс күйген май иісінен өрт сигналы айқай салмасы бар ма! Үйдегілердің бәрі далаға атып шығып, абыр сабыр болдық та қалдық. Сосын қорғаныс қызметінен адамдар келіп, үнін өшірді. Ой сол кездегі қысылғаным-ай… Ұзын әңгіменің тоқ етері, жаңағы жақтырмай жүрген қызым өзі келіп, терезені ашып, түтін кетсін деп, бөлмесіндегі желдеткішін әкеліп, қасымда жүрді. Кетерде презентацияңды жақсы өткіз деп тілегін де айтып кетті. Өзге қыздардың үнсіздігінің қасында оның бұл әрекетінен жаным жайланып қалды:). Шын мәнінде мен онымен жақын бірде бір сөйлесіп көрмеппін, қандай адам екенін білместен қалай қашқақтай бергем деген ойға қалдым. Сол күннен бастап, ол ең жақын достардың біріне айналды.
Келесі стереотипім саясаттану сабағындағы студент балаға қатысты болды. Ең алғашқы сабақтан бастап, ол өз ойын (басқаларға қалай тиетініне байланыссыз) ашық айтып, сабақта пікір білдіріп жүрді.
Кішкене дандайсығаны бар ма деп қаласың. Іс-қимылы, жүріс-тұрысы сондай ойға әкеледі. Бір күні сабақ үстінде ол коммунизмнің қандай жаман екенін, ешқандай іске аспайтын идея екенін айтып пікір білдірді. Сол кезде ішім қылп етті. Коммунизм десе, ол жерде бұрын коммунизм болған елдің жалғыз өкілі мен. Одан бері салыстырмалы түрде көп уақыт өте қоймағандықтан, әлі де қалдықтары бар деп жобалау әбден заңды. Сол күннен бастап, оның әр сөзі маған қарсы (тікелей болмаса да) айтылып жатқандай көрінетін, сондай комплекстенгенім (Айко айтатын комплекс неполноценности) сонша, тіпті өзім кез келген адамның сөздерінен қарсы астар іздейтін болдым. Ол кездер бір, жұқалап айтқанда, “оңай емес” кездер болды. Іштей, әрине. Сыртыма сыр білдірмедім. Сондықтан да ауыр болды… Сонымен, жаңағы бала туралы:). Бір күні сабақта топтарға бөлініп тапсырма орындадық. Өткен ғасыр орта шамасында қаралған өте маңызды істе АҚШ Жоғарғы Сотының қабылдаған шешімі туралы болатын. Тілі өте күрделі, шетелдік мен түгіл, қарапайым американдық түсіне бермейді (АҚШ-тағы тіл өзгерісі туралы қызықты материалды алда жариялаймын деп ойлаймын, бұйырса). Сол кезде жаңағы “іштей жауым” өзі бастап, саған түсінікті болды ма, сұрағың бар ма деп, жылы шырай танытты. Содан соң топтағы өзге студенттер де Қазақстан туралы сұрап, біраз араласып қалдық. Кейін байқағанымдай, әлгі баланың өз мәнері сондай екен, сырт көзге әлдеқандай болып көрінеді. Ал ішінде… қарапайым ғана мейірімді (мүмкін, кейбір сырт көзге өте әдепті болып көрінетін адамдардан да асқан сезімтал) жан екен:).
Адамдар туралы жақын білмей тұрып, стереотип қалыптастырып алғаным соншалықты абсурд нәрсе көрінеді қазір. Жаңадан бір адам кездестірсем, оған ешқандай таңба салмауға тырысып жүрмін. Керісінше, жақсы қасиеттерін іздеймін. Жүз пайызы сенімімді ақтады.
Айтып өткен саясаттану пәні мұғалімі керемет әйел. Ол туралы алда арнайы жазуды ойлап жүрмын, құдай қаласа. Сол кісінің айтқан төрт сөзі жадымда тайға таңба басқандай жазылып қалды:”We never know people”. “Біз ешқашан адамдарды толық білмейміз”. Сондықтан да адамдарды сөгіп, айыптамас бұрын, және олар туралы аз ақпарат негізінде теріс пікір қалыптастырмас бұрын, өзіңізді тоқтатыңыз. Мүмкін ол адамның солай әрекет етуге себептері бар шығар. СІЗ ҚАЙДАН БІЛЕСІЗ? Мүмкін тек сізге солай көрінген болар. Әр адам жеке планета (copyright Зере). Әр адам Алланың сүйіп жаратқан пендесі. Сондықтан адамдарды сүю – Алланы сүюге апаратын бірден-бір жол секілді.
Жазылған : Жазулар | Tagged: адамдар, психология, сенім, стереотиптер
Менiн университеттегi бiрiншi реферат пен жазба жумысымнын такырыбынын аты cliché едi…
5 студент косылып жалгыз осы такырыпка 40 бет жазганбыз. Асiресе баска мадениет туралы, мыс: мусылмандарга тагатын стереотиптер туралы зерттеу жургiздiк, бiлмейм, сол уакытта менi катты мазалайтын такырып: терроризм, ислам, хиджаб, джихад болатын… Немiстердiн ойын бiлгiм келетiн… Бiрак мунда шетелдiктерге деген негатив стереотип басым болгандыктан, озiм баска бiреу туралы жаман ойламауга, оны танып бiлiп барып ой тузудi жон коретiнмiн
Жаксы такырып козгапсын
“Не суди, ибо сам не будешь судим”. Христиандардың сөзі болса да, түпкі пәлсафасы ұнайтындықтан әрқашанда жадымда..Ел адамның сыртынан сын айту, бұл дүниеле ең оңай шаруа..Қалағаныңша сөге бересің..
Бірақ, ешкімді жазғырмау керек деп ойлаймын..Егер бұны қадағалауға тырысатын болсаң, сонда айналаңдағыларда оны сезінетін болады..
Әр адамның өз ойы, өз өмірі бар..”Анау бүйтіпті, мынау сүйтіпті” деу, біздің хақымыз емес..Түріктерден үйренген бір сөз бар еді, “әр қой, өз аяғына асылады” деген..Яғни не істесек те, бәрібір, әрқайсымыз, өзіміз үшін жауап береміз..Жауап беретін жер бір жер..Ендеше,өз өмірі үшін ешкім ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емес бұл өмірде..
Қарақыз, жақсы тақырып көтерген екенсің..Кейбір кездер араласып жүрген достардың арасында да, бір-бірінің артынан жамандаушылықты байқаймын..Естімеген, мені қызықтырмайтын сыңай танытамын..өздері қоя салады..Кейде айтатыным, “ол адам туралы, маған не айтсаңдар да, ол кісі туралы ойым өзгермейді, себебі мен әр адаммен әртүрлі қарым қатынасты ұстанамын..Барлық адам үшін бір шаблонды түсінік болмау керек..Ондай шаблоның бар болса, онда сен ең бірінші кезекте өз өзіңді танымайсың деген сөз..Адамзатты түсіну үшін, ең бірінші өз өзін түсіне білуі керек..Бір адам туралы жаман ойлаудан гөрі, ол адам неге солай істеді деген сұраққа, өзіңді сол адамның орнына қойып, жауап іздеп көру керек..Себебі адамдарды жаман нәрселерге итермелейтін себептер, сол адамның ішінде жатыр..Оны басқа ешкім біле алмайды..
“Адамзатты түсіну үшін, ең бірінші өз өзін түсіне білуі керек…” Бекжан, дана создер жаздыныз гой
Калжынсыз! Шынымен ak, ен алдымен: Мен онын орнында болганда не iстер едiм? деген суракка озiне шыншыл жауап бергенде гана, басканы тусiнуге бiрiншi кадам жасалады…
Қарақыз, байқашы
) кейде адамның жақсы жақтарын ғана көріп, жаман жақтарын байқамай қалу да ғажап емес қой …
Сымбат: Мені де қатты ойландыратын мәселе – мұсылмандарға американдықтардың көзқарасы. Қарапайым адам тіптен хабары жоқ, исламға деген теріс пікір қалыптасқан. Әсіресе, 9/11-тен кейін.
! Дұрыс жеткізе алмадым-ау деп ойлаған едім, енді, міне, толықты! рахмет.
Бекжан: сіз менің ойымды оқып алғандайсыз
Балдырған: Мүмкін маған олай айту оңай шығар, әр адам керемет деп, себебі шетелдік студент болған соң, барлығы жақсы жағын көрсетуі мүмкін ғой. Бірақ! Адамның жаман жағын көрдіңіз делік, не болды? не істей аласыз? Мінсіз жан жоқ (копирайт Сымбат) http://symbat.wordpress.com/2008/04/24/%d0%96%d0%b0%d0%b4%d1%8b%d2%a3%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d2%af%d1%80%d1%81i%d0%bd-%d0%bci%d0%bd%d1%81i%d0%b7-%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%be%d2%9b/
Бір біріміздің жаман жағымызды іздегенше, жақсылығымызды айтып, мерейімізді тасытқан дұрыс сияқты:)
уау, Қарақыз.
мен сені осындай терең ойлайды деп ойламаппын. өте жақсы әңгіме қозғапсың. мен де кейбірінде адамды бір көргеннен жақтырмай қаламын, ол жайында ештеңе білмесем де.
Менiн ойымша адамдар осе келе, ягни жас келген сайын, есейген сайын, кiсiнiн “адам тану” кабiлетi де жаксара бастайды. Ягни мен 16-20 жасымда коп адамды тек жаксы жагынан корiп, кейде конiлiм калып калатын, сондaaaй екенсiн гой деген ойда каласын
Казiр, Омарбек айтпакшы кейбiреулердi басынан жактырмайтын жагдайлар болады. Ондай кiсiлермен ангiмем арi карай да жараспайды. Бiрiншi асер деушi ме едi… Ягни жаксы-жаманды айыра бiлесiн…
Омарбек: о, міне, мен жөнінде стереотипіңіз болған ғой, арылу керек ондайдан:))
Сымбат: бұрын көңлің қалған адамдарды есте ұстап, жаңасын кездестіргенде сондай алдын ала жағымсыз пікір қалыптастырып қою деген сол болар мүмкін. Бірақ ешкімді толық білмейміз ғой… Әйтеуір осыған дейін басында жағымсыз ойлап келгенімнің бәрі нағыз жақсы дос немесе жай жақсы адам болып шықты. Мүмкін менің адам тану қабілетім мәз емес…:)
Viktoriya, bloginiz ushin kop rahmet! jazularinizdi birbirdep okip shiktip, barligi da unap, bloginizdi fav katarina tirkedim. tilderdi shatastirmay taza jazatininiz asa katty aser etti. jazularinizdin mazmuni da jaksi: juregi taza, kozi ashik kizga uksaysiz (aytkanim stereotip misali karastirilsa dagi). kiskasi, Almatyga keler bolsaniz (jazgi demalis ta jakindap kaldi) mindetti turde habarlasayik. sizben taniskim keledi. balmuzdak menen bolsin.
Elvira: zhaksy, kelistik. Sizge unaganyna ote kuanyshtymyn.
Balmuzdakty umytyp ketpeniz, iya;)))
Мен де кейде бір көргеннен былайынша адамның біраз мінезін танып қалғандай боламын. Бірақ кейде сол адам қалай екен, ұнады ма деген сұрақтарға толықтай жауап бере алмаймын. Жауабым бір ғана: Мен оны жақсы танымаймын ғой, уақыт өте келе көреміз деген.
ya sterotip .. Men jalpy adamdarmen jaimen aralasatyn adammyn, jaimen degenim birden tanysyp dos bop ketu degen siaqty narse mende ote sirek, soilese kele aralasa kele, ol adam turaly kozqaras qalyptastasady.
al biraq unatpasam unatpadym, ol menin ozimdi odan artygyraq sanaganymnan emes, pyrosto saikes kelmeidi ekenbiz deim de qoiam..
Қарақыз: “Адамның жаман жағын көрдіңіз делік, не болды? не істей аласыз? ” – деген екен
жә-жә … “Жаман адам” деген бирка тағып қоямын, оған ештеңе де істемеймін, істей де алмаймын, бірақ бар ғой, тіпті араласпаймын деп айта алмаймын, себебі “жылан”, “бақа”, “кене”, “крыса”, т.т. дегендерді жек көрсем де жадымда болғаны жақсы, қай жақтан жау келуі мүмкін екенін біліп жүремін дегендей …
Жолыңда тек жақсы адамдар кезіксін деп тілеймін!
Бізде де бар философия ағай өзі профессор тағы да құдайға деген ойы екі ойлы. Сабағына бірінші күні қатысып біртүрлі болып кеткем.
Анау айтты екен, мынай айтты екен деп, араласып-кураласпаган адам жон1нде б1р туракты п1к1рге келуден аулакпын, не де болса озара байланыс болганы лазым.Каракыз, жаксы пост екен, соз жок, досынды да, душпанынды да басына 1с тускенде танисын дегенд1 б1р жерден окыганым бар ед1, жолында жаксы адамдар кездес1п, сен1н жаксы болуына жардемдес1п, кол уштарын бер1п жатса нес1 айып?!
Salem karakyz!
Kai states-de okip jatsn? Mende AKSH-da okp jatrmn, stereotypes turali jazganin ote unadi. Subhanallah jalgastra ber! Tabs tleimn!
[...] бір-бірімен сырттан ғана сыйласады. Саясаткерлер әртүрлі стереотиптерді таңып тастаған. Шындығында Құранға салсақ, [...]
Саясат түрлері тура реферат бар ма? көмектесіндерші плиз!