Сәуір айының басында колледжде ұлттар фестивалі өтті. Онда осында оқитын шетелдік студенттер және шетелде оқып келген американдық студенттер мен мұғалімдер әрбір елдің кішігірім презентациясын жасады. Өздеріңіз болжап отырған шығарсыз, Қазақстанға да осы фестиваль төрінен орын тиді. Оған қоса, он алты қатысушының ішінен екінші жүлделі орынға ие болды:).
Шыны керек, осыған барымды салып әзірленген едім. Тіпті үйден қазақ көйлегін поштамен осы үшін алдырғам.Қасымдағы жапондықтар салғырттанып, ұйымдаспай жүрді де, маған: “сен осыншама қатты дайындалып жатырсың”, – дейді. “Сенің еліңді осындағы барлық жұрт біледі, барып оқып келіп жатқандар бар, жапон тілі сабағы да бар. Менің елім туралы білетіні аз ғой, сондықтан еш күшімді аямай, жұртқа ең жақсы жағынан көрсету үшін жасап жатырмын”, – деген соң, қызым ойланып қалды. Сол күні таңға дейін жатпай, жапон стендін жасап шықты:).
Тұрғындардың еліміз туралы білімі әрқилы. Бірі келіп, киіз үйлерді көрген соң, әлі де осындай үйлерді тұрасыздар ма деп сұрап жатса (!), келесісі Алматының қандай қала екенін, ол туралы мен білмеген ақпаратты айтып жатты (!!). Жастар жағы хабарсыз, тек бір оқымысты тарихшы қызымыз бар еді, сол келіп, Қазақстанның территориясында болған тайпаларды айтып қуантты. Үлкендер жағының жалпы білімі елдегі мұнайға байланысты екен. Бораттың да аты аталмай қоймады. Көбінесе жастар жағынан. Бұл жағынан “тіс қаққан қасқырша” әккі боп алғам.
Сұрағына ақпаратпен, күлкісіне күлкімен жауап берсең, жайыңа қалдырады. Жалпы байқағаным, біздің ел мен бұл елдің әзілінде айырмашылықтар бар, бізге намысты көрінген нәрсе, оларға күнәсіз күлкі болуы мүмкін. Ащы мысқыл, келемеж, келеке дегендер біздегідей ауыр салмақты бола бермейді. Менталитет айырмашылығы осындай.
Айтып айтпай не керек, көрермендер көп болды. Оның ішінде айтылғанды ертеңіне ұмытып кеткендері де бар шығар. Жалпы мағлұматты алғандары да бар шығар. Бәрінен бұрын, осы үшін пісірілген палау мен шәк-шәктен түк қалмады.:)
Ал мына екі қуыршақ Өзбекстаннан әкелінген. Өткен жылы көрші елдегі ғылыми конференцияға қатысқан профессор сол елдің көрінісін назарға ұсыныпты. Алған әсерлерін сұрағанда, тамақтан нанды ұнатқанын айтты. “Қайта қайта жей бердім”, – дейді. Шамасы, бауырсақ типтес тағам болса керек.
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Tagged: АҚШ, Борат, мәдениет, Қазақстан


Айтпақшы, стендті өзім жасаған жоқпын. Фейсбук сайтында жариялаған екен, мың болғыр, Ерден атты студент. Шынымен, өте шебер жасалған. Егер фейсбук аккаунтыңыз бар болса, қарап көріңіз, мүмкін сіздің де кәдеңізге жарап қалар:)
http://www.facebook.com/topic.php?topic=4549&post=103161&uid=2204709750#post103161
Жақсы екен..Шет елде жүргенде, еліңді ең жақсы жағынан танытуға барыңды саласың, әккі біреу сол жауапкершілікті жүктеп қойғандай..:) Ол тіпті “біреу” емес, шет елге шыққанда, бойда оянатын туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімі болса керек..
Өзім де 7 жыл бойы Туркияда жүрдім..Білемін, таныс бәрі..Домбыраны қолға алып, қатыспаған фестифаль, бармаған жеріміз қалмап еді..Тіпті ол жаққа оқу үшін емес, концерт беруге барғандай…:)
Ерден деген, мықты жігіт..Интернетте Бауырсақ деген атымен танымал..Нағыз патриот деп білемін..тарихты, шежірені мықты біледі..Шынайы өмірде танымасам да, виртуал әлемде біраз уақыттан бері таныспыз…
Кейде қатты өкінем, не домбыра, не ән, не биге икемім жоқ. Ееех, қазақтың өнерпаздарын әкеліп, колледжіме концерт қойып берер ме еді деп. Барлығы жағасын ұстар еді… Көздеріне әкеліп көрсетпегесін, ешкім өз бетімен осындай ел, жер, ұлт бар екен ғой деп іздемес.
Біздікіндей өнер екі ұлттың бірінде кездесе бермейді. Осында келгеннен кейін ғана қазақтың күйлерін, термелерін сүйіп тыңдайтын болдым. Сөздеріне мән беріп тыңдайтын болдым. Бұрын терме десе, іш пыстырар нәрсе көрінетін.
Айтпақшы, көйлегімді де бәрі мақтап жатты. Шынымен мақтанышпен кидім. Бәрі сыртымнан қызыға қарап тұрғандай көрінді:) Айттым ғой, екінің бірінде жоқ деп…
Бәрі өз басымнан өткендей болды ғой.
КЗ форева!
Айтпа. Дәл Борат науқаны жүріп жатқан жылы Нью Йоркта едім. Қазақстаннан тақия, қамзол, қазақстанның табиғаты, қалалары бар кітап, ақшасын бәрін алып барған едім. Бес минуттық уақытыма сыйғыза алмай. Кейін алып келген суреттер мен “Рахаттың” көк туы бар шиколадтарын үлестіріп, біраз риза қылғаным бар еді. Менің ән салатынымдыбіліп алған соң, тіпті қояр да қоймай ән салдырған. Американдықтардың алдында “Арыстың жағасынданы” айтып бергенмін. Соңынан бірі келіп: “Қандай косерваторияда оқыдыңыз?” деп сұрамасы бар ма… Қызарып кеттім.
Шетте жүрсең елдің алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінесің. Саған ризамын. Аллаһ разы болсын. Мүмкіндігің болса, мешітке бар. Мен қазақтарды сағынғанда тақиямды киім, мешітке баратынмын. Орталық азиядан бірі болмаса, бірі жолығатын.
Менің тұратын қаламда мешіт жоқ:(. Ал колледждің ішінде өз (!) шіркеуі бар. Сол шіркеудің қызметшісінің айтуы бойынша, бір-екі жыл бұрын осында имам келген екен. Бірде-бір адам бас сұқпапты. Содан кетіп қалған. Оқыдым, сіз Нью-Йоркте болыпсыз ғой? Онда үлкен қала, әлемнің әр түкпірінен жиналғандар бар ғой… Кейде тіпті оны ел ішіндегі ел деп те атайды: ондағы тұрғындардың Американың басқа жерлерінде не болып жатқанымен ісі жоқ деп:)
Рас. Нью-Йорк Америка емес. Тіпті ол жақта американдықарды аз кездестірдім. Дені эмигранттар мен туристер.
Бірақ Нью-Йоркта мешіт өте көп екен.
ИншАллаһ, Сіз барған қалада да мешіт ашылып қалар.
salem karakyz, blogyn kutty bolsyn! ademi jazady ekensin. bizge konakka kelip tur
uyge.
Karakyz kai kalada turatynyndy paiymdap otyrmyn
Дәмді: арамыз алыстау екен, әйтпесе барар едім;)
Бақытнұр: алыста, алыста…:))
Bilemin kai kalada ekeninizdi
Bakytnur: ip-di zhasyrgam zhok, ashyk tur, sodan ba?
men de sizdin kai zherde ekeninizdi shamalap kartadan korip aldym, kiyn emeees:)
кімнін кай жерден кіріп отырганын калай коруге болады???
Jok IP-in ozine gana korinedi. Bul senin blogyn bolgasyn. Al men senin IP-indi bile almaimyn goi, sebebi magan kelip komment tastagan joksin.
Birak jai boljamdap otirmin goi.
Кендебай: ip адрес арқылы, бірақ кей адамдар прокси сервер арқылы айпиін жасырады. Ол адрес блогқа коммент тастағанда блог иесіне көрінеді. Қысқасы, кімнің қайда екенін білгің келсе, блог аш:))). Қате айтқан болсам, жөндерсіздер.
Бақытнұр: source-тарыңыз мықты болып тұр ғой онда:)
Iya
Бешбармақ болмағаны өкінішті екен… Оны татып көргсе бірінші орын алар ма едіңіз…
Ақзере: Сөз жоқ, әрине, жылқының қазысымен ет асып бергенде керемет болар ед:)))
палау да, шәк шәк те қазақтың төл тағамдары емес қой, қолымнан келгені солар болды. Ас үйдегі өрт сигналының айқайынан кейін тіпті бауырсақ пісіруге де жүрегім дауаламай кетті ғой.
біраз тутінге реакциясы сондай босла сумдык кой алармдары:))
еее маладаес, мен барганда алдын ала алып баргам, айтеуір неше турлі ивенттерге шакыруші еді жапон ацелдері сол койлегіме бола:)) артурлы халыктардың киім улгісін орсету шоуы, достык семинар бален тугілен.. есіме тусіп кетті:)
Стенд шынымен де супер шыккан екен, келесіді табигат суреттері керек боп жаса менде жетеді, озім тусірген Шарын, Колсай, Бурабай, Туркістанга саяхаттарымнан.
шарынды корсе американдыктар созсіз тан калар деп ойлайм
Көңілашар: фотолардан клип жасап көрсеткенде Шарынның суреті болды, олар Гранд Каньонға ұқсатты. Ия, таң қалып жатыр…
Әп, бәрекелді, қыз! Қара қыз… (Бонд, Джеймс Бонд)…
Бекжан Толыбайдың сөзінің жаны бар, шет жерде жүргенде отансүйгіштік ерекше дамылсыз күйде болатын сияқты ма деп қалдым. Өзім ҚЗда оқысам да, сіздердің сипаттамаларыңыздан біріншіден бір серпіліп қалсам, екіншіден сондай ойды ұғып отырмын. Басқа стендтедің алдында да ұлттық тағамдр болды ма? Әдетте, осы сияқты қоғамдық шараларды “charity”ге айналдырып жіберетін әдеттері бар еді ғой… Жаңағы, тоқаш-бауырсағыңды сатасың, түскен ақшасы қайырымдылық кампаниясы шеңберінде белгілі инститтурға табысталады…
Әйтеуір, саған қатты риза болып отырмын! Еліміздің абыройын асқақтата бер, қазақтың қап-қара ғана қызы!!!
қазақстан туралы презентацияларыңыз бар ма?
жоғарыдағы фейсбуктағы сілтемеде өшіп қалған уже…
Zhanbolat: Ия, ол сілтеменің мерзімі өтіп кеткен болуы керек. Қажет болса, алдағы 2-3 күнде поштаңызға салып жіберейін.