АҚШ-тағы полигамия

АҚШ-тың Юта штаты тұрғындарының жетпіс пайызы мормон дініндегілер. Осы мормон шіркеуінің бір тармағы Соңғы күннің әулиелері (Latter-day saints) шіркеуінің бір догмасы – полигамия екен. Он тоғызыншы ғасырдың орта шамасында негізі қаланған бұл шіркеу алпыс мыңға жуық тұрғындарды қамтиды. Сол кезден бастап, көп әйелділік қолданылып келген. Отызға дейін (!) әйел алған адамдар болған екен. Қазір полигамияға АҚШ-тың федералды заңымен тыйым салынған. Заң бұзушылар қылмыскер деп есептеліп, түрмеге жабылады. Алайда, жасырын түрде, жергілікті қоғам арасында көп әйелділік әлі де кездеседі екен. Естімеген елде көп деген осы…

6 жауаптар

  1. Осы материалды дайындай отырып, полиандрия деген терминнің де бар екенін оқыдым. Ол полигамияға кері ұғым, яғни, көп күйеуділік екен (:о)

  2. Utah туралы бiраз деректi фильмдердi караганмын. Онда мугедек балалар коп :( Айелдерi полигамияны куптап отыр ;) АКШтын тагы бiр елiнде Дарвинды жокка шыгаратындар бар. creation vs. evolution ;)

  3. Мүмкін мүгедек балалар қан әлсіздігінен болатын болар. Ретсіз үйлене бергесін, айналып келіп, туысқанда да қосылады екен. Сосын, ол жерде он төрт-он алты жастағы қыздарды пәлен жас үлкен адамдарға күштеп үйлендіреді-міс.

    Жалпы АҚШ бізге қарағанда діншілдігі, фундаменталистігі асып түседі. Шіркеу мен мемлекет кейде бірігіп кеткен бе деп ойлап қаласың кейде.

  4. al mormon degen ol kanday din?

  5. Мормон діні христиандыққа жақын, бірақ оны кей христиандар мойындамай, культ деп атап кеткен. Шым шытырық, қысқасы, олар да Иса пайғамбарды құдай ретінде санайды, бірақ Библиядан гөрі, Мормон деген кітапты дәріптейді.

  6. Жақында құрықталды ғой Техастағы мормекелерің. Нешеме жүз өрімдей қыздарды полиция қызметшілері “құтқарып” жатқан сюжеттерді де көрдік. Таяуда мормондардың бір көсемі пр.Бушқа хат жолдаған екен, шамасы “ғасырлар бойғы бабаларымыз негізін қалап кеткен қмір сүру дағдыларымызға қол сұғушы болмаңыздар” сыңайындағы риторика болса керек қой… Тұқымы құрысын, бәле ғой негізі…

Жауап қалдырыңыз