Жазылған уақыты Сәуір 24, 2008 жазған karakyz
Адам балалық шағынан бастап, алған тәрбиесіне қарай, айналадағы адамдарға, өмірдегі құбылыстарға байланысты белгілі бір стереотиптер қалыптастырады. Сондай стереотиптерді, немесе стереотип қалыптастыру қабілетін өз бойымда мықтап дамытқан екенмін…
Жазылған : Жазулар | Ілмектері: адамдар, психология, сенім, стереотиптер | 16 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 22, 2008 жазған karakyz
Сәуір айының басында колледжде ұлттар фестивалі өтті. Онда осында оқитын шетелдік студенттер және шетелде оқып келген американдық студенттер мен мұғалімдер әрбір елдің кішігірім презентациясын жасады. Өздеріңіз болжап отырған шығарсыз, Қазақстанға да осы фестиваль төрінен орын тиді. Оған қоса, он алты қатысушының ішінен екінші жүлделі орынға ие болды:).
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: АҚШ, Борат, мәдениет, Қазақстан | 21 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 22, 2008 жазған karakyz
Америкадағы оқу орным орналасқан қалаға келгендегі ең алғашқы әсерлер қазірдің өзінде көкейімде сайрап тұр. Өзім ұмытшақ болғандықтан, бұны таң қаларлық жағдай деп есептеймін:).
Бірге келген отандастармен қоштасып, әркім өз оқу орнына беттеген кез. Екі қаланың арасы бір сағаттық ұшу болғандықтан ба, кішкентай ғана қораптай ұшақ екен. Айналама бар назарымды салып, барынша бақылау жасап отырмын. Байқаймын, ұшаққа [...]
Жазылған : Шетелдік тәжірибе | Ілмектері: АҚШ, мәдени ерекшелік, мәдени шок | 15 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 22, 2008 жазған karakyz
АҚШ-тың Юта штаты тұрғындарының жетпіс пайызы мормон дініндегілер. Осы мормон шіркеуінің бір тармағы Соңғы күннің әулиелері (Latter-day saints) шіркеуінің бір догмасы - полигамия екен. Он тоғызыншы ғасырдың орта шамасында негізі қаланған бұл шіркеу алпыс мыңға жуық тұрғындарды қамтиды. Сол кезден бастап, көп әйелділік қолданылып келген.
Жазылған : Әлемде талай қызық бар | Ілмектері: АҚШ, көп әйелділік, полигамия | 6 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 21, 2008 жазған karakyz
Бүгін күн жылынып, көп күттірген көктем де келіп жеткен сыңайлы. Дала шуақты, ауа райы керемет. Соған көңілім де көтеріліп, басыма керемет ойлар келіп, күнделікке жаза салайыншы деп кірсем, кілт сөзімді ұмытып қалыппын Жаңадан кілт сөз қойып, одан кіріп болам дегенше, манағы керемет ойлар бұл бұл ұшып кетті. Жарайды онда, шешінген судан тайынбас деп шешім [...]
Жазылған : Жазулар | 2 Пікірлер »